Алматы қаласы музейінде Алматы қаласының орта ғасырлардағы тарихына қатысты мәселелер бойынша ғалымдар дөңгелек үстелде бас қосты

22.02.2022

Көрулер: 821

2022 ж. 22 ақпанында Алматы қаласы музейінде Алматы қаласының орта ғасырлардағы тарихына қатысты мәселелер бойынша ғалымдар дөңгелек үстелде бас қосты.
Алатаудың баурайындағы әсем қала – Алматы қаласының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихына қатысты археологиялық зерттеу жұмыстары және жазба деректер мен нумизматикалық материалдар бойынша қаланың атауы, сонымен қатар табылған жәдігерлерге қатысты мәліметтер қатысушылар назарына ұсынылды. Дөңгелек үстелге Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Жұмаділ Арман Қабдешұлы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, орта ғасыр археологиясы бөлімінің меңгерушісі Ақымбек Ералы Шардарбекұлы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Бесетаев Бауыржан Берқанұлы қатысты. Дөңгелек үстелге музей қызметкерлері, жас ғалымдар және мектеп мұғалімдері қатысып, қала тарихына қатысты өз сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген археолог Е. Ақымбек Алматы қаласы аумағындағы орта ғасырларға жататын ескерткіштердің орналасқан орны мен жасын анықтау мәселесіне қатысты ортағасырлық жазба деректердегі «Алмату» атауы мен нумизматикалық деректердегі мәліметтерді ұсынды. Жиын өте жоғары деңгейде өткізілді.