«ЭТНО-ЭКСПЕДИЦИЯ КҮНДЕЛІГІНЕН» атты фотокөрме

21.02.2022

Көрулер: 1022

 

2021 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай этнограф-ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Тәттігүл Қартайдың «ЭТНО-ЭКСПЕДИЦИЯ КҮНДЕЛІГІНЕН» атты фотокөрмесінің ашылу рәсімі және
«Бөрітаным: экспедициялық зерттеулер», «Сутаным: экспедициялық зерттеулер» атты ғылыми-танымдық кітаптарының таныстырылымы өткізілді.
Көрме әлі де өз жұмысын жалғастыруда.