Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференцияның «Евразия археологиясы: өткені және бүгіні / Археология Евразии: прошлое и настоящее»

07.04.2021

Көрулер: 1651

Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференцияның «Евразия археологиясы: өткені және бүгіні / Археология Евразии: прошлое и настоящее» секциясы Zoom платформасында онлайн форматта өтті. Баяндама қорғау барысында әділ қазылар алқасы және студенттер тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылды. Секцияға Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттері белсенді түрде қатысты. Талқылау барысында Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен екі университет арасындағы ынтымақтастық, мамандықтың ерекше тұстары мен ерекшеліктері аталып өтілді.

 

I дәрежелі диплом 1 адамға берілді:

         Куралова Зульфия. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Қазақстандағы ортағасырлық шыны бұйымдарын зерттеу тарихы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сагындыкова С.Т. 

ІІ дәрежелі диплом 2 адамға берілді:

         Добровольский Любомир. Студент 1 курса специальности 6В02204 – Археология и этнология ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.                                                                                                                   Проблема критериев социальной стратификации скифских курганов. Научный руководитель: к.и.н., доцент Каженова Г.Т.

         Несіпбай Асқар. 6В02204 – Археология және этнология мамандығының 2-курс студенті. Бұланды қалашығынан табылған пиксида қақпағы. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. аға оқытушы Утубаев Ж.Р.

         ІІІ дәрежелі диплом 3 адамға берілді:

         Ғалымжан Нұрназар. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Жетісу жерінің жерлеу ескерткіштеріндегі метал бұйымдар. Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Жуматаев Р.С.

         Әлибай Бауыржан. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 4-курс студенті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Сортөбе (Ордазы) қалалар тобындағы жаңа археологиялық зерттеулер. Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Тәжекеев Ә.Ә.

         Нұрғали Несіпбай. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Шу өңірінің ортағасырлық асүйлік қыш бұйымдарының зерттелу тарихы. Ғылыми жетекшісі: PhD Ақымбек Е.Ш.