„Салтыкова-Щедриннің қызықты ертегілері„ атты тақырыпта дөңгелек стөл болып өтті.

01.02.2016

Көрулер: 2881

2016 жылдың 1 ақпаны күні „Орыс тілі және мәдениеті„ орталығының ұйымдастыруымен „Салтыкова-Щедриннің қызықты ертегілері„ атты тақырыпта дөңгелек стөл болып өтті. Бұл ұлы орыс жазушысы, прозаик, публицистінің мерейтойына арналды. Жазушының «Богатырь», «Здравомысленный заяц», «Медведь на воеводстве», «Премудрый пескарь», «Повесть о том, как один мужик двух генералов прокормил» және «Дикий помещик» атты шығармалары әлі күнге дейін оқырмандардың сүйіп оқитын еңбектер қатарында. Бұл шарада жазушының өмір баяны, шығармашылық жолы толығымен айтылып, еңбектері қарастырылып, талданды. Қатысушылардың барлығы да бұл іс-шарадан көңілдері жадырап қайтты.