«Аханаов оқулары» конференциясы болып өтті.

13.05.2016

Көрулер: 4076

     «Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды тіл арқылы қабылдап, үйрене бастайды.  Тіл- қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға анасындай қымбат. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – тіл.

   2016 жылдың 29 сәуірінде «Орыс тілі және мәдениеті» орталығының ұйымдастыруымен филология және әлем тілдері факультетінде «Аханаов оқулары» конференциясы болып өтті. Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жыл сайын өтізіп отыратын бұл конференция биыл он тоғыз жылдығын тойлады.

     Конференцияға қатысушылар жұмыстарын бес бағытта қорғады: 1. Күштің тілі және тілдің күші; 2. Тіл маңызды рухани байлық ретінде; 3. Тіл және ұлттық сәйкестік; 4. Тіл және тілді таратудың жоспарлануы; 5. Тілді оқытудың зорлықшыл және қозғаушы әдістемелері.

     Конференция Ресей және Қазақстанның ең тәжірибелі мамандарының басын қосып қызықты өтті.