Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының эмблемасын (логотипін) жасауға арналған байқау

 

   

 

 

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының эмблемасын (логотипін) жасауға арналған байқау

 

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы студенттерді,магистранттарды және докторанттарды кафедраның эмблемасын (логотипін) жасауға арналған байқауға шақырады!

Кафедраның эмблемасын жасауға арналған байқау ережесі:

     Байқау биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары арасында өткізіледі.

     Байқауға жеке автор немесе авторлар ұжымы болып қатыса алады.

Жобаға қойылатын талаптар

Эмблема композициясының міндетті элементі біздің ЖОО-ның атауы және кафедраның атауы болуы тиіс. Жұмыстар қатысушының қалауы бойынша кез келген техникада орындалады.

Байқауға қатысу үшін қатысушылар электронды пошта арқылы жіберу керек:

     ілеспе хатта сіздің аты-жөніңізді, мамандығыңызды, курсыңызды, телефон нөміріңізді      және электрондық поштаңызды көрсетіңіз;

     эмблеманың суреті (jpg форматында);

     эмблеманың эскизін сипаттайтын қысқаша түсіндірме жазба.

       Байқау мерзімі: 18.12.2020 - 22.01.2021.

       Байқау нәтижелері 28.12.20020 - 22.01.2021 аралығында шығарылады.

       Байқау материалдары «Эмблема» белгісімен aidana.saidakhmetova@kaznu.kz электрондық мекен-жайы бойынша 22.01.2021 дейін қабылданады.

   1-3 орын алған қатысушылар ақшалай сертификаттармен марапатталады

       1 орын: 5000 теңге

       2 орын: 3000 теңге

       3 орын: 2000 теңге

 

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!

 

Басылым күні :  05.01.2021