Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының эмблемасын (логотипін) жасауға арналған байқау

 

 

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы студенттерді,магистранттарды және докторанттарды кафедраның эмблемасын (логотипін) жасауға арналған байқауға шақырады!

Кафедраның эмблемасын жасауға арналған байқау ережесі:

     Байқау биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары арасында өткізіледі.

     Байқауға жеке автор немесе авторлар ұжымы болып қатыса алады.

Жобаға қойылатын талаптар

Эмблема композициясының міндетті элементі біздің ЖОО-ның атауы және кафедраның атауы болуы тиіс. Жұмыстар қатысушының қалауы бойынша кез келген техникада орындалады.

Байқауға қатысу үшін қатысушылар электронды пошта арқылы жіберу керек:

     ілеспе хатта сіздің аты-жөніңізді, мамандығыңызды, курсыңызды, телефон нөміріңізді      және электрондық поштаңызды көрсетіңіз;

     эмблеманың суреті (jpg форматында);

     эмблеманың эскизін сипаттайтын қысқаша түсіндірме жазба.

       Байқау мерзімі: 18.12.2020 - 25.12.2020.

       Байқау нәтижелері 28.12.20020 - 30.12.2020 аралығында шығарылады.

       Байқау материалдары «Эмблема» белгісімен aidana.saidakhmetova@kaznu.kz электрондық мекен-жайы бойынша 25.12.2020 дейін қабылданады.

   1-3 орын алған қатысушылар ақшалай сертификаттармен марапатталады

       1 орын: 5000 теңге

       2 орын: 3000 теңге

       3 орын: 2000 теңге

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!

Басылым күні :  18.12.2020