КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІ - НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗҰУ ҚАЛАШЫҒЫ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Дәстүр бойынша, Наурыз мерекесі қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы бакалавриат студенттерімен бірге ҚазҰУ қалашығының аумағын тазалау бойынша сенбілік өткізді.

Көктем жылы күні оқытушылар мен студенттер сүйікті университет аумағын қоқыстан және жапырақтардан тазалады. Сенбілік-ұжымды жақындастыруға, нығайтуға және біріктіруге ықпал ететін әдістердің бірі. Сонымен қатар, сенбілік оқытушылар мен студенттерге бір-бірін жұмыстан (оқудан) алыс-жақынырақ білуге мүмкіндік береді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші жалпы мақсатқа жету жолында ұйымшыл ұжым болып жұмыс атқару қажет.

 

© Қайрат Б.Қ. 

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz

Басылым күні :  04.04.2019