Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

 

2018 ж. 17 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №7 студенттер үйінде «Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Тәуелсіздікқасиет тұнған ұлы ұғым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жатақханада 2 курс студенттерінің қатысуымен өткізілген бұл кештің ауқымы кішігірім болса да, тәуелсіздіктің маңыздылығы мен қадірін түсінетін жастар үшін пайдалы болды. Мерекелік іс-шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздігін жырлаған қазақ ақындарының шығармаларынан үзінді оқып кештің шырайын келтірді 

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. 

Басылым күні :  18.12.2018