Аквариалды зертханаға саяхат

 

«Green campus» жобасының аясында «5В060700-Биология» мамандығының 1 курс студенттеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің аквариалды зертханасына экскурсия жасалды.

Экскурсия мақсаты: студенттерді сәндік балықтарды өсіру тәсілдерімен таныстыру және студенденттерді табиғатқа деген сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Экскурсия барысында биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы Джумаханова Г.Б. студенттерге балықтарды қоректендіру мен күтіп-баптаудың ерекшеліктері жайлы ақпарат берді. Жалпы алғанда, экскурсия білім алушыларға қызықты, әрі пайдалы өтті. Экскурсия барысында студенттер балықтар мен басқа да су жәндіктері туралы көптеген қызықты әрі жаңа мағлұматтар алды.

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ.

Басылым күні :  18.12.2018