«Таза сессия» акциясы

 

2018 жылдың 11 желтоқсанында «Жемқорлықсыз университет» жобасы аясында 2018-2019 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын студенттердің таза өз білімдерімен тапсыруы үшін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасында «Таза сессия» акциясы өткізілді. 

«Таза сессия» акциясы сессия уақытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттердің азаматтық позициясын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғам арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу болып табылады. 

 

© Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

Басылым күні :  11.12.2018