«СПИД/ЖИТС-тің алдын алу шараларының медико-биологиялық әдістері»

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасындағы «Биофизик және биомед» клубының, «Хронобиология және хрономедицина» орталығының, кафедра эдвайзерлерінің Алматы қаласындағы №4 және №12 қалалық поликлиниканың «Денсаулық сақтау мектебі» бөліміндегі қызметкерлерімен, «СПИД/ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу» орталығымен бірлескен ұйымдастыруында «СПИД/ЖИТС-тің алдын алу шараларының медико-биологиялық әдістері» тақырыбында Республикалық деңгейде іс-шара өткізеді:

-          2018 жылы 30 қараша күні 10.00-12.00 сағаттар аралығында – Ректорат алдында «Біз СПИД/ЖИТС-ке қарсымыз» ұранымен студент жастарға ақпараттық материалдар таратылады;

-          2018 жылы 3 желтоқсан күні 10.00-12.00 сағат аралығында - биология және биотехнология факультетінде оқитын студент жастарға «Біз СПИД/ЖИТС-ке қарсымыз» ұранымен ақпараттық материалдар таратылады;

-          2018 жылы 4 желтоқсан күні 10.00-12.00 сағаттар аралығында 427 аудиторияда «СПИД/ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу» орталығының әлеуметтік қызметкері А.А.Казиева жастарға «СПИД/ЖИТС» тақырыбында семинар өткізеді

СПИД/ЖИТС-ке қарсы күреске қатысуға баршаларыңызды шақырамыз!!!

Басылым күні :  29.11.2018