Жазғы мектепке - 5 жыл

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің

«Парасат» кәсіподағының мүшесі

Ш. Мукашева

 Жазғы мектепке - 5 жыл!

         2015 жылдың 3-5 шілде аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағының белсенділерінің кезекті жазғы мектебі өтті. Университеттің Ыстықкөлдегі спорттық сауықтыру лагерінде бас қосқан кәсіподақ мүшелері уақыттарын пайдалы өткізе алды. Биылғы жылғы жазғы мектептің тақырыбы ҚР Заңнамалары тақырыбына арналды. Басқосудың баяндамашысы М. Ізбасар ҚР Заңнамалары туралы баяндама оқып, кәсіподақ жұмысында кездесетін заң тұрғысындағы сұрақтарға тоқталып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында тыңдаушылардан тест алу арқылы , алған білімдерін бекітті.

         Еңбек пен демалысты тиімді пайдаланған кәсіподақ бесленділері үш күнде ыстықкөлдің шипалы суына шомылып, күн астында қыздырынып, кемемен серуендеп, жақсы күш-қуат алып, Алматыға жоғары көңіл күймен қайттық.

Ыстықкөлде келесі жылы кездескенше!

Басылым күні :  09.07.2015