«Саяси мәдениетті дамытудың жолдары мен тетіктері» атты көшпелі семинар- тренинг өткізілді

25.10.2021 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия және саясаттану» факультеті «Саясаттану және саяси технологиялар» кафедрасында «Саяси мәдениетті дамытудың жолдары мен тетіктері» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізілді. Аталмыш семинар-тренинг Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шара барысында Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Бекжан Мейрбаев сөз алып Қазақстандағы саяси мәдениеттің қазіргі ахуалы мен өткізіліп отырған семинар-тренингтің болашақ саясаттанушылар үшін маңызына тоқталып өтті.

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Гүлнәр Насимова саяси мәдениетті дамыту тақырыбы біздің қоғамда өте өзекті екенідігін және оның жолдарымен, тетіктерін болашақ саясаттанушылар арасында насихаттау маңызын көрсетті.

Семинар-тренингтің спикерлері:

  1. Шәріп Ишмухамедов, саясаттану ғылымдары кандидаты, қауымдастырылған профессор.
  2. Жеңісбек Төлеп, Саясаттану PHD докторы, «Тұран» университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі.
  3. Эльмира Нәзірова, әлеуметтік ғылымдар магистры. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқытушысы.
  4. Нұрболат Нышанбай, Саясаттанушы «Болашақ» бағдарламасы түлегі (Австралия, The University of Queensland) халықаралық қатынастар бойынша PhD кандидаты.
  5. Оралбек Ысқақ, саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистры.

Аталған спикерлер «Саяси мәдениетті дамытудың жолдары мен тетіктері» тақырыбын толықтай ашып, болашақ саясаттанушылармен осы тақырыпта ашық диалог жүргізді. Семинар-тренинг соңында қатысушылар «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры тарапынан сертификаттармен марапатталды.

 

Басылым күні :  20.11.2021