«Агроөнеркәсіп кешеңінде заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер» тақырыбына арналған Ғылыми-тәжірибелік конференция

28 қыркүйек 2018 жылы сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Агроөнеркәсіп кешеңінде заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер» тақырыбына арналған Ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Іс-шараның қатысушылары қазақстандық қоғамның жемқорлыққа қарсы санасының қалыптасу ерекшеліктері талқылады, агроөнеркәсіп кешеңінде сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою жолдарын атап айтты.

Басылым күні :  28.09.2018