Дөңгелек үстел: «Сыбайлас жемқорлықты әмбебап қаблдамау - бірлік пен тұрақтылық кепілі»

2018 жылдың 15 маусымында  Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы  “Азаматтық мониторинг”қоғамдық қабылдау және «SANALY URPAQ»  білім саласындағы бюросы мен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасымен ««Сыбайлас жемқорлықты әмбебап қаблдамау - бірлік пен тұрақтылық кепілі» (ұлттық және шетелдік тәжірибе)» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Талқылауға келесі сұрақтар ұсынылады:

  1. Жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: ұлттық және халықаралық тәжірибе;

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі;

  3. Қазақстан халқы Ассамблеясының сыбайлас жемқорлықпен күресіндегі рөлі;

  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің құқықтық аспектілері.

Дөңгелек үстелге қатысатындар: Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласының жоғары оқу орындары: Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ,  Халқаралық ақпараттық технологиялар университеті, Д.Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясы, АЛМА университеті (бұрын МАБ), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік академиясы.

Конференцияның ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы және Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша;

Өткізілу уақыты: 15.06.2018 жыл, сағат 10:00 де;

Өткізілу орны: Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің заң факультеті, 3- этаж 309-аудитория

Модератор з.ң.д., профессор Ибраева Алуа Саламатовна.

 

Басылым күні :  14.06.2018