«Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелердегі сыбайлас жемқорлықты алдын алу механизмі мен ресурстары, қазіргі таңдағы технологиялары» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция
2018 жылы 31 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелердегі сыбайлас жемқорлықты алдын алу механизмі мен ресурстары, қазіргі таңдағы технологиялары» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілдері, Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару органдарының қызмтерлері, Алматы қаласының құқық қорғау органдарының, адвокаттардың Алматы қалалық алқасының, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері және Қазақстанның белгілі ғалымдары қатысты.
Конференцияда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Данияров Г.Г., «Sanaly urpaq» Жобалық кеңсесінің басшысы Токушев К.А. т.б. сөз сөйледі. Конференцияда сөз сөйлегендердің бәрі пеницитарлық мкемелердегі жоғары сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері оның жабықтығында екендігін атап өтті.






