Көрме «Жапонияға шолу»

2017 жылдың 17 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дің «Мәдени тынығу» жобасы аясында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Прогресс үшін Одақ» және «Аманат» студенттік клубтарымен және 309 топ студенттері бірлесе отырып Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігімен бірлесе отырып дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай «Жапонияға шолу» көрмесіне барды.

Іс-шараның атауы: «Жапонияға шолу»
Іс-шараның күні мен орны: 17.10.2017 жыл, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы.
Жауапты ұйымдастырушылар: Усеинова Г.Р., Кусаинов Д.О., Усеинова К.Р., Баймаханова Д.М., Оспанова Д.А., Нусипова Л.Б.
Іс-шараның мақсаты: студент тұлғасының рухани санасын және мәдени тәрбиесін қалыптастыру.
Іс-шараның мазмұны: 2017 жылдың 16 қазанында жобасының шеңберінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында заң факультетінің 309 топ студенттері және «Аманат» студенттік клубы «Жапонияға шолу» көрмесінде болды.
Орталық мұражай 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігімен белсенді бірлесіп жұмыс атқарады. Мұражай қабырғасында ғылыми және мәдени қауымдастық арасында және республикалық БАҚта үлкен қызығушылық тудыратын көрмелер ұйымдастырылды: «Жапон Қуыршақтары», «кимоно майталманы Итику Кубота көзімен әлемді тану», «Хиросима мен Нагасаки туралы естелік», картиналар көрмесі «Исекатагами өнерінің және басқалар.

Іс-шара барысында студенттер Жапон мемлекетінің және жапондықтардың дәстүрлі және заманауи өнер, музыка, мәдениет, спорт, би, тағамдар түрлерімен және технологияларымен танысты. Көрмеде студенттер шай рәсімін тамашалады, жапон тағамдарын тамашалады, барабаншылардың қойылымдарын, жауынгерлік өнер шоуларын көрді, сондай-ақ жапондық дәстүрлі ойын-сауықтармен танысып, юкатананы киіндірді. Мұндай іс-шаралар студенттердің көкжиегін кеңейтіп, басқа халықтар мен елдердің салт-дәстүріне қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Басылым күні :  05.03.2018