Тәрбиелік іс-шара «ЖЕЛТОҚСАН-1986. 16 ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫНДА»
2021 жылдың 3 желтоқсанында ҚазҰУ Заң факультетінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс-шараның тақырыбы: «ЖЕЛТОҚСАН-1986. 16 ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫНДА».
Өткізілген іс-шара барысында Заң факультетінің студенттеріне сол кездегі Қазақ КСР астанасы - Алматы қаласында болған 1986 жылғы желтоқсандағы тарихи оқиғалар туралы презентация көрсетілді. Кафедра оқытушылары Қазақстан жастарының 1986 жылғы 15-17 желтоқсандағы демократиялық сөз сөйлеуінің негізгі себептері, барысы мен салдарлары – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы барысындағы алғашқы кезеңі болған оқиғалар туралы баяндады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары з.ғ.к., доцент Сартаев С.А., з.ғ.м., аға оқытушы Сагинаев М.Е., з.ғ.м., аға оқытушы Нусипова Л. Б.
Іс-шараға ҚазҰУ Заң факультеті кафедрасының ПОҚ, студенттері мен магистранттары, «Sanaly Urpaq» студенттер клубының мүшелері қатысты.






