Мухитдинов А.А. "Экстремизмге (вахабизмге) қарсы іс-қимылдың мемлекеттік-құқықтық негіздері". Тәрбиелік іс-шара.
2021 жылғы 25 қазанда сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде экстремизмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік-құқықтық негіздеріне (вахабизмге) арналған дәріс өтті.
Аталған іс – шараға Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының докторанты Мұхитдинов Азиз Ахматжанұлы шақырылды.
Дәріс ХХІ ғасырдағы адамзаттың басты мәселелерінің бірі - экстремизмге (вахабизмге) қарсы тұрудың мемлекеттік-құқықтық негіздеріне арналды.
Іс-шараны ұйымдастырушы: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.
Басылым күні : 20.11.2021






