Е. К. Нұрпейісовтің Көшбасшылық дәрісі. "ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДА"

 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында мемлекет қайраткерлерін, жетекші ғалымдарды, белгілі практиктерді көшбасшылық дәрістерге шақыру дәстүрге айналды.

2021 жылдың 1 қарашасында белгілі мемлекет қайраткері, жетекші ғалым, Қазақ мемлекеттік заң институтының бірінші ректоры (1994-1996), Парламент Сенатының депутаты (1996-2000), заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі Нұрпейісов Еркеш Қалиұлының көшбасшылық дәрісі өтті.

Дәрістің тақырыбы "Қазақстан тәуелсіздік қарсаңында".

 

 

Басылым күні :  20.11.2021