"Қазіргі қоғамның радикалдануы: мифтер мен шындық" тәрбиелік іс-шарасы

 

2021 жылдың 4 қарашасында ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы әл-Фараби Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған "30 жыл – 30 апта" бағдарламасы аясында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс - шараның форматы - онлайн.

Іс-шара аясында "Терроризмге қарсы комитет" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы заң факультетінің студенттері мен оқытушыларының алдында сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу тақырыбы - "Қазіргі қоғамның радикалдануы: мифтер мен шындық". Іс-шара барысында жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алудың түрлі мәселелері қаралды.

 

Басылым күні :  20.11.2021