№ 18 Студенттер үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара
12-ші қараша күні Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының мүшелері - з.ғ.к., профессор Исабеков Ақылбек Кашкинович пен з.ғ.м, аға оқытушы Алихан Қанаттың ұйымдастыруымен алда келе жатқан тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерге тарихи-құқықтық шолу жасау» тақырыбында №18 студенттер үйінде арнайы іс-шара өткізілді.
Студенттердің қатысумен болған бұл кездесуге кафедрамыздың мүшелері - з.ғ.к. Кусайнов Думан Озаманұлы, з.ғ.к. Сартаев Спатай Алтынбекович, Сагинаев Мейржан Егинбаевич, сондай-ақ Мемлекет және құқық институтының директоры, з.ғ.к. Сәлімгерей Арон Аманжолұлы қатысып, өз ойларын ортаға салып, студенттердің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.






