Ғасырда бір туатын - Дарабоз
2021 жылдың 1-ақпанында хан тәңірінің мұзбалағы атанып, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын - Дарабоз» тақырыбында тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандығының магистранттары, студенттері және Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті №40 орта мектептің мұғалімдері мен озат оқушылары қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға М.Мақатаевтың өнегелі өмір жолы таныстырылып, шығармалары оқылды. Ақынның шығармаларынан шабыт алған мұғалімдер, оған арнау арнау өлеңдерімен көпшілікпен бөлісті. Ерекше әсер алған қатысушылар шара ұйымдастырушыларына өз алғысын жеткізді. Ерекше белсенді болған №40 орта мектеп мұғалімдеріне алғыс хат табысталса, №40 орта мектебі әл-фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына жастар тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс жариялады.
Ұйымдастырушылар: педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова С.А., доцент м.а., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ертарғынқызы Д.