Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!

 

2021 жылдың 8 ақпан күні  сағат 17:00 де "100 кітап" жобасы аясында  " ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай тәрбиелік халықаралық іс-шарасы үш тілде өткізілді. Халықаралық іс-шараға Әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандығының студенттері және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға М.Мақатаевтың өнегелі өмір жолы таныстырылып, шығармалары оқылды. Ақынның шығармаларынан шабыт алған мұғалімдер, оған арнау арнау өлеңдерімен көпшілікпен бөлісті. Іс-шара ұйымдастырушылары: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Конырбаева С.С., Молдасан К.Ш.,Рамазанова С.А. , Санбаева Б.Ж. және «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенттері мен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттері.

Басылым күні :  21.03.2021