ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ҚОҢЫРАУЫ

 

  • 2021 жылдың 2 наурыз күні  сағат 17:00 де "100 кітап" жобасы аясында  ағартушы, педагог, ғалым, жазушы, қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл мерей тойы толуына орай тәрбиелік халықаралық іс-шарасы өткізілді. Халықаралық іс-шараға Әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Педагогика және психология» мамандығының студенттері, Филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 3 курс студенттері және Алматы облысы, Іле ауданы, №20 орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға Ы.Алтынсариннің өнегелі өмір жолы таныстырылып, өлеңдері, әңгімелері оқылды. Іс-шара ұйымдастырушылары: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Санбаева Б.Ж., Жұмабаева К.С. және «Педагогика және психология» мамандығының 2,3 курс студенттері.

Басылым күні :  21.03.2021