«Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды»

 

  • 19.03. 2021 ж. сағ. 17:00 22 Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды " атты тәрбиелік іс-шараны Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен бірлесіп 22 Наурыз мейрамының басты тақырыптары ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлері айтылды. Одан бөлек студенттер өз өнерлерін паш етіп педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушыларын құттықтап өтті. Ұйымдастырушылар: эдвайзор-куратор, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Санбаева Б.Ж., педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Жұмабаева К.С., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Сарман М. және Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3 курс студенттері.

Басылым күні :  21.03.2021