8 наурызға арналған «Қыз еркем, қылығымен көркем!» атты іс-шара

8 наурызға арналған «Қыз еркем, қылығымен көркем!»

атты іс-шара

  • 2021 жылы 5 наурызда сағат 19: 00-де 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қыз еркем, қылығымен көркем!» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының оқытушылар құрамы, «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранттары және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар мерекенің тарихымен төрт тілде (қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше, қытайша) таныстырып, әлемнің ұлы әйелдері туралы өлеңдер мен әңгімелер оқылды, сонымен қатар бірлескен ойындар енгізілді. Іс-шараны педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының оқытушылары Рамазанова С.А., Мухатаева Д.И. және «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранттары, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырған.

Басылым күні :  10.03.2021