" Болашақ мамандықты қалай таңдайсыз?"

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

 

     2015 жылдың 10 сәуір күні, 402 ауд. сағ.9.25-10.30 Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Шаян көпсалалы лицейінің 11 сынып оқушыларымен " Болашақ мамандықты қалай таңдайсыз?" атты "Онлайн" конференциясын кафедраның доценті Роза Садыковна Касымова мен оқытушы Индира Ескендірқызы Хадырбаева ұйымдастырды.

Берген сұрақтары төмендегідей болды:

1. "Алтын белгі" иегерлеріне қандай жеңілдіктер бар?

2. Биология пәнін таңдағандар қандай мамандықтарға түсе алады?

3. Физика пәнін таңдағандар қандай мамандықтарға түсе алады?

4. Магистратурада қанша жыл оқиды?

5. Магистратураның ақылы бөлімі қанша тұрады?

6. ЖОО-да білім алып жүріп шетелде білім алуға мүмкіндіктер бар ма?

7. Көпбалалы отбасынан шыққандарға қандай жеңілдіктер бар?

8. Химия пәнінен айтып өтсеңіз?

9. Фармацевтика деген мамандық сіздерде бар ма?

10. Жатақхана мәселесі сіздерде қалай, бәріне беріле ме?

11. Біздің лицейде 20 оқушы биология пәнін таңдап отырмыз. Көмектескендеріңізге көп рахмет деп аяқтады.

Басылым күні :  22.04.2015