«Менің мамандығым - менің жетістігім»

20 желтоқсан 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы Мурзагулова М.Д. жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттерімен «Менің мамандығым - менің жетістігім» тақырыбындағы тренинг сабағы ұйымдастырылды. Тренинг ZOOМ платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Тренинг мақсаты: өзін-өзі тану шекараларын кеңейту және мамандықтар әлемі туралы ақпарат алу арқылы кәсіби жолды таңдауға жауапкершілік қатынасты қалыптастыру.

Алға қойған тапсырмамыз қатысушыларды белгілі бір маманның кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру жағдайын құру және қатысушыларды кәсіби жетістіктің қажетті компоненттерімен таныстыру.

Басылым күні :  15.01.2021