«Кітап-сарқылмас рухани әлем»
20 қараша 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы Мурзагулова М.Д. жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттерімен «Кітап-сарқылмас рухани әлем» тақырыбындағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ZOOМ платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Іс-шарада «100 кітап жобасы» аясындағы кітаптар мен қазіргі жастардың қандай кітап оқитыны талқыланды. Студенттер бір-бірімен кітап оқудағы лайфкахтарымен бөлісті.
«Кітап―алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, жастарды рухани білімге жетелеу-рухани күш пен болмысты қалыптастырары сөзсіз.