Ғылыми-зерттеу тәжірибесі

Педагогика және білім менеджмент кафедрасының 2 курс магистранттарының ғылыми-зерттеу тәжірибелері «Өрлеу» БАҰО ҚРББЖ БАРИ біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» онлайн форматта өтті. Тәжірибенің алғашқы күні кафедраның зерттеу тәжірибе жетекшілері п.ғ.к., доцент Бактыбаев Ж.Ш., аға оқытушы Есенова К.А. «Өрлеу» БАҰО ҚРББЖ БАРИ біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» қызметкерлерімен онлайн форматта алғашқы конференциясын ұйымдастырып өткізді. «Өрлеу» орталығынан физика-математика ғылымының кандидаты, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Қойлық Нұрғали Отарбайұлы, п.ғ.к., «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасы меңгерушісі, Маханбетова Агима Абиловна, п.ғ.к., доцент, «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасы меңгерушісі Сардарова Жаннат Исмагуловна қатысып, магистранттарды практиканың бағдарламасымен, орталықтың толықтай тыныс-тіршілігімен онлайн конференцияда таныстырды. Магистранттарға қойылатын талаптар мен жүктелетін міндеттер, жалпы атқарылатын жұмыстар, жалпы тәжірибе мазмұнымен таныса отырып, Өрлеу БАҰО АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ жұмыс бағыты мен негізгі әрекеті туралы ақпарат алды.


Басылым күні :  14.01.2021