"Жастардың инновациялық әлеуеті: азаматтылық, кәсібилік, шығармашылық"

 

2020 жылдың 24 қараша күні Ресейдің Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінде "Жастардың инновациялық әлеуеті: азаматтылық, кәсібилік, шығармашылық" атты халықаралық жастардың ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Конференцияның ерекшелігі Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Орал Федералдық университетінің 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осымен дәстүрлі түрде 10-шы рет өткізіліп отырған конференция университет ректоры В.А. Кокшаровтың алғы сөзімен басталды. Пленарлық отырыста факультетіміздің деканы философия ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Масалимова құттықтау сөз сөйлеп, «Заманауи әлемде әл-Фараби философиясының өзектілігі: азаматтық саясат және қайырымды қала» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияда 4 пікір-талас аймағы жұмыс істеді. «Екінші Дүниежүзілік соғыс: Тарихтың сақталуындағы жастардың рөлі» атты 2-ші пікір талас аймағында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Әлқожаева Нурсулу Сеиткеримовна сарапшы қызметін атқарса, «Жастар ғылымы және шығармашылығы» деп аталатын 4-ші пікір талас аймағында осы кафедраның профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Мукашева Анар Бекетбаевна модератор болды. Аталмыш конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді мемлекеттерден ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Оның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде «Жастар арасындағы превентология» қос дипломдық білім беру бағдарламасында білім алушы магистранттар Абдикарим Гулжан Курманжанкызы, Касенова Гульназ Казезхановна, Югай Нэлли Георгиевна, Нуртуган Ляззат, Избасарова Анара Мухтаровна, Шайланов Ерболат, Лавров Антон, Керимова Кристина баяндама жасады. Аталмыш қос дипломдық бағдарлама факультетіміздің педагогика және білім беру менеджменті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс, жалпы және қолданбалы психология кафедраларында жүзеге асырылуда. Конференция нәтижесі бойынша біздің университет магистранттары арасынан Ю. Нелли – ғылыми жаңалығы және заманауи әдістерді тиімді қолданғаны үшін, Л. Нуртуган – зерттеу жұмысының өзектілігі мен тәжірибеде қолдану маңыздылығы, Г. Касенова зерттеу деңгейінің тереңдігі мен ғылымилығы бойынша номинациялар беріліп, ерекше аталып өтілді.


Басылым күні :  11.01.2021