Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қолдану

Уорик университетінің жас ғалымдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп вебинар ұйымдастырды.

Спикер: Нур Афика Аб Рахман (PhD) - Ұлыбританиядағы Ковентри қаласында орналасқан тәуелсіз зерттеуші. Жоғарғы білім академиясының (FHEA) стипендиат иегері, Ұлыбритания. Уорик университетінің білім беру саласында докторлық дәрежесіне ие.

Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қолдану .

Вебинардың мақсаты: қатысушыларды академиялық және академиялық емес контексте сыни тұрғыдан ойлауды қолданумен таныстыру.

Вебинарға философия және саясаттану факультетінің 30-ға жуық докторанттары мен оқытушы-профессорлық құрамы ,  отандық және шет елдік қонақтар қатысты. Вебинарда келесі сұрақтар қойылды: "Сын тұрғысынан  ойлаудың даму динамикасын қалай анықтауға болады?", "Сын тұрғысынан ойлауды қалай өлшеуге болады?". Вебинар нәтижесінде қатысушылар академиялық және академиялық емес контексте сын тұрғысынан ойлауды қолданудың түрлі стратегиялары туралы білді.

Фасилитатор: Ақмаржан Ноғайбаева (Уорик университетінің докторанты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлегі)

Вебинар қатысушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз!


Басылым күні :  15.06.2020