КазҰУ түлектері – ҰОС ардагерлері!

 

Ұлы отан соғысындағы жеңіс кеңес халқының үлесіне түскен үлкен адами азап пен шығынның бағасына ие болды. Бұл жеңіске  әл-Фараби атындағы  Қазақ мемлекеттік университетінің түлектері үлкен үлес қосты. 

Рахымбаев Төлеутай- С.М.Киров атындағы ҚазМУ заң факультетінің түлегі. 1943 жылы 18 жасында Кеңес Армиясы қатарына шақырылды, ҰОС майдандарында соғысып, Кенинсбергке дейін жетті. Ұлы отан соғысында  5 атқыштар ротасының 2 а.б  407 атқыштар полкісінің 108 атқыштар дивизиясының 28 армиясының 1  Белорус майданының командирі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 26 шілдедегі № 45 бұйрығымен бөлімше командирі Рахымбаев Төлеутай 1944 жылғы 24 маусымда Друть өзені ауданында неміс басқыншыларымен ұрысқа қатысқаны үшін "Ерлігі үшін"медалімен марапатталды. Соғыстан кейінгі уақытта Т. Рахымбаев "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс үшін" медалімен, КСРО Әділет Министрінің алғыс хатымен марапатталды. 1946 жылы Семей облысы Жарма аудандық халық сотының хатшысы болды. 1954 ж. - Ақсуат ауданының халық судьясы болып сайланды, 1965-176 ж. – Бесқарағай ауданының халық судьясы, 1976-1985 ж. - Семей облысы Жарма ауданының халық судьясы.

Магауова А. С. - педагогика ғылымдарының докторы, ХПБҒА академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері.

Басылым күні :  12.05.2020