ҚАЗҰУ ТҮЛЕКТЕРІ – ЕЛІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫ!

Ермекова Жадыра Керімбайқызы– Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі,1996 ж., педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының профессоры, Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетінің Техникалық физика кафедрасының доценті. Жадыра Керімбайқызы ҚР Білім және ғылым саласына, мамандардың жаңа буынын тәрбиелеудеайтарлықтай үлес қосуда. Ғылыми-педагогикалық қызметінің нәтижесі өз дәрежесінде бағаланып, еселі еңбегі үшін бірқатар марапаттарға ие: «Білім және ғылым саласының еңбек сіңірген қызметкері», (Москва), ҚР БжҒМ гранты иегері «ЖОО үздік оқытушысы», «Отандық ғылымның алтын қоры» оқу-әдістемелік басылымдарының XVII Халықаралық ғылыми көрме-презентациясының лауреаты, «Сала бойынша үздік оқу-әдістемелік басылым» номинациясында жүлдегері (Мәскеу).«Үздік педагог» республикалық жобасы аясында "BILIM-ORKENIETI" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткізген "Қазақстанның еңбек сіңірген педагогы-2020" республикалық конкурсының жеңімпазы. Республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының 2020 жылғы 25 наурыздағы шешімімен өз саласына айтарлықтай үлес қосып, жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, қызметі арқылы өзгелерге үлгі бола білгені үшін «ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ» «100 есім» медалімен марапатталды.

Магауова А. С. - педагогика ғылымдарының докторы, ХПБҒА академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері.

Басылым күні :  12.05.2020