Студенттермен жазғы сессия туралы онлайн-кездесу

 

Қашықтықтан оқыту жүйесі бағындыруға болатын өз күрделіліктерімен қатар жетістіктерін де беріп отырғаны анық. Бүгін 29.04.2020 жылы , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі профессор Н.С.Әлқожаева және кафедра оқытушылары "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандықтарының студенттерімен, магистранттарымен онлайн-кездесу өткізді. Онлайн-кездесуде білім алушылар көңілдерінде жүрген сұрақтардың түйінін шешетін ақпараттармен таныс болды. Сондай-ақ қашықтықтан тапсырылатын қорытынды сессия талаптарымен танысып, емтиханға қатысты ақпараттарға қанық болды.



Басылым күні :  29.04.2020