«Денсаулық және саналы антиэйджинг»
20 сәуірде 2020, «Инклюзивті білім берудегі жаңа технологиялар» мамандығының бірінші курс магистранттары Серикбай Гульдина, Кашимова Каламкас және Хайруллаева Молдир «Денсаулық және саналы антиэйджинг» тақырыбында педагогикалық практика аясындағы тәрбиелік іс-шара өткізді. Аталмыш іс-шара Мынбаева А. К., Мухатаева Д. И. және Сембаева А. М. ұстаздарының жетекшілігімен өткізілді. Ашық тәрбиелік іс-шараға «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты. Негізгі мәселе қазіргі өмір жағдайындағы психикалық және физикалық денсаулықты сақтауға бағытталған болатын. Іс-шара Zoom интернет-платформасында өткізілді. Қатысушы студенттер қызығушылықпен тыңдап белсене сұрақтарға жауап берді.
Басылым күні : 29.04.2020