«Ұстаз ұлы тұлға - ұмытылмас!»

әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетіпедагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 80 жылдығына орай «Ұстаз ұлы тұлға - ұмытылмас!» тақырыбында педагогика ғылымының дамуына   зор  үлес қосқан тұлға, педагогика ғылымдарының кандидаты, әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, 200-ге жуық мақалалары, оқулықтары мен  оқу-әдістемелік құралдарының авторы  Ерғали Бейсенбайұлы Дайрабаевтың ғылыми еңбегі мен өмір жолына негізделген бейнебаянды ұсынып отырмыз.

Ерғали Бейсенбайұлы педагогика ғылымының жетістіктерін таныстыруда ана тілінде 70-ші жылдардан бастап ғылыми мақалалар жариялаған. Ғылыми жұмыстары қазақ жастарын педагогикалық әдебиеттерді оқуға бағыттайды. Білім беру аймағында «Еңбек ардагері», «Білім беру үздігі» және т.б. медальдармен марапатталған. Көптеген жас педагог ғалымдарға дәріс беріп,  ұстаздық қызметтің қыр сырымен қанықтырған Педагог тұлғасы ұмытылмайды.

Бейнебаян авторлары: педагогика және білім беру менежменті кафедрасының оқытушылары: Пед.ғыл.кандидаты Ұ.Б. Төлешова,  педагогика ғыл.магистрі М.Д. Мурзагулова,  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студентті А. Алмат

https://cloud.mail.ru/stock/pgRXciVHQeTugRgVzGoWP5XN

Басылым күні :  21.04.2020