Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасында магистранттардың диссертациялары алдын ала қорғаудан өтті
дагогика және білім беру менеджмент кафедрасында магистранттардың диссертациялары алдын ала қорғаудан өтті
2020 жылдың 6-9 сәуір күндері Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша магистранттардың диссертациялары алдын ала қорғаудан өтті. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 18 жұмыс және «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 9 жұмыс ұсынылды.
Диссертациялық зерттеуді талқылау барысында ізденушілердің ғылыми позициясын нығайтуға көмектесетін түрлі сұрақтар қойылды. Профессор Таубаева Ш.Т., Мағауова А.С., Мынбаева А.К., Алғожаева Н.С., доценттер Аринова Б.А., Төлешова У.Б., Молдасан К.Ш., Бақтыбаев Ж.Ш., Омарова Г.А., Шағырбаева М.Д., Құдайбергенова А.М., Ертарғынқызы Д. ғылыми негізделген түсініктемелер берді және ұсынылған жұмыстардың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасады. Кафедра оқытушылары ұсынылған магистрлік диссертациялардың ғылыми және практикалық деңгейінің жеткілікті екенін атап өтті және магистранттарға сәтті қорғауды тіледі.