"Педагогика және психология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім менеджмент кафедрасы 2020 ж. сәуірдің 14-15 күндер аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында "Педагогика және психология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадасын онлайн форматында ұйымдастырып өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға көмек көрсету; біздің заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты дамыту.
Еліміздің 6 жоғары оқу орындарының студенттері Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты. Олар: Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті "ЖасStar командасы, Еуразия гуманитарлық институты "Қайырымды қала тұрғындары", І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті "Жетісу шуағы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті "Цветы сознания", Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті "Даналық жаршылары", Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті"әл-Фараби қазыналары".
Студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиада 3 кезеңге бөлініп өткізілді:
І кезең - Ғылыми жобалар сайысы (үй тапсырмасы) Таңдау тақырыптары: 1.Абайдың "толыққанды тұлға туралы" тұжырымдамасының ХХІ ғасырдағы маңызы. 2. әл-Фараби идеяларының педагогикалық цифрландырудағы көрінісі. 3. Т. Тәжібаевтың психологиялық-педагогикалық көзқарастарыныңтәжірибеде жүзеге асыру.
ІІ кезең - Бейнеролик. Таңдау тақырыптары: 1.«XXI ғасыр еріктілері: қайырымдылыққа жол».2. «ХХІ ғасыр мамандығы – ізгілікті педагог-психолог».
III кезең - Педагогикалық эссе фестивалі. Таңдау бойынша эссе тақырыптары: 1.Менің педагогикалық философиям: мамандық туралы ой…2. Біз ізгілікті педагогикадамыз 3. әл-Фараби педагогикасы.
«Педагогика және психология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасында IІI дәрежелі дипломмен марапатталған:
Еуразия гуманитарлық институты "Қайырымды қала тұрғындары" командасы Мұқажан Мөлдір Қуантайқызы, Торебаева Айгуль Оразгалиевна, .Ахмедина Нұрайым Габитқызы, ғылыми жетекші: Болатбекова Назгуль Жоламанқызы,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Икигай» командасы Бакеева Инабат Аслановна, Тоганасова Молдир Санибековна, Сейдуалиева Маржан Жарылкасыновна, ғылыми жетекші: Турсынбет Гулжан Темірқызы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Цветы сознания» командасы Паршутина Карина Олеговна, Кульбеда Ольга Сергеевна, Галямова Нармина Орынбековна, ғылыми жетекші: Абдираимова Эльмира Кайрлиевна.
II дәрежелі дипломымен марапатталған: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Жетісу шуағы» командасы, Туриспаева Ақмарал Нұрхатқызы, Бекзада Аягүл Дәулетқызы, Джумабаева Салтанат, ғылыми жетекшілері: Ахмедиева Кулмария Нуртаевна, Баженова Эльмира Даулетхановна, әл-Фараби атындағы КазҰУ «Даналық жаршылары» командасы, Каиржанова Жансая Дулатовна, Бақытова Аяулым Оралқызы, Үсенбекова Сымбат, ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент м.а. М.Д. Шағырбаева
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің І дәрежелі дипломымен әл-Фараби атындағы КазҰУ «әл-Фараби қазыналары» командасы, Шырбанов Бауыржан Асылханұлы, Орын Ақзер Талғатқызы, Есенбай Жібек Сәкенқызы ғылыми жетекші п.ғ.к., доцент м.а. М.Д. Шағырбаева марапатталды.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша XIІ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін барлық студенттерге алғыс айтамыз және олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз.




Басылым күні :  18.04.2020