"Біз біргеміз"

 

Ел басына күн туып, елімізге төнген індет халықтың көңілін бей-жай қылғаны анық. Осындай күрделі кезеңде Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Жумабекова К.Б. "Біз біргеміз" атты акция барысында еліміздегі әлеуметтік мұқтаж жандар мен отбасыларға (көпбалалы отбасылар, қарт адамдар, мүгедек жандарға) көмек көрсетуге атсалысты. Оншақты отбасына азық-түлік пен дәрі-дәрмектер үлестіріп, халықтың ризашылығына ие болды. Бір-бірімізге деген ізгі ниетіміз көп болсын!





Басылым күні :  18.04.2020