Кафедра тынысы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында еліміздің жалпы білім беретін мектептері үшін «Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мамандар даярланады. Аталған мамандықта білім алушылар ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбиенің қазіргі қоғамдағы орнына айрықша мән береді. Ал жаңа ғасырдағы гумандық педагогика теориясының негізін адамзаттың дәстүрлі рухани-адамгершілік мұрасында қалыптасқан идеялардың құрайтындығы «Өзін-өзі тану» пәнінің ізгілікті бағдарын көрсетеді.
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, п.ғ.к. Б.А.Әрінованың 2 курс магистранты И.Кабдолдинамен бірігіп жазған «Ш.А.Амонашвилидің білім берудегі ізгілендіру технологиясы-өзін-өзі танудағы рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі» тақырыбындағы мақаласының «Ұлы Дала ұстазы» атты халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал ұйымдастырған «Қазақстан педагогтарының 100 үздік мақаласы:білім,ғылым,әдістеме республикалық конкурсының «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орын алғандығы үшін «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және ULY DALA USTAZY INTERNATIONAL SCIENTIFIC-EDUCATIONAL JORNALының І дәрежелі дипломымен марапатталуын 80-жылдық тарихы бар кафедрамыздың жетістіктерінің бірі деп санаймыз. Ғылыми жетекші мен магистранттың бірлескен жұмыстары табысты бола берсін демекпіз.



Басылым күні :  18.04.2020