Т. Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, жаңашылдық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Құрметті әріптестер! Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы Сіздерді 2020 жылдың 05 мамыр күні Алматы қаласында өтетін Т. Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, жаңашылдық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: сандық және қоғамдық сананы модернизациялау дәуіріндегі білім беру мен психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері.
Конференцияға қатысуға педагогика және психология саласындағы ғылыми зерттеумен айналысатын ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, ЖОО студенттері шақырылады.
Конференция жұмысының бағыттары:
1. Сандық дәуірдегі педагогика мен психологияның басым бағыттары
2. Зерттеушілердің әдіснамалық даярлығы құрылымындағы білім беру мен педагогика философиясы
3. Т.Т. Тәжібаевтың еңбектеріндегі Абай шығармашылығын зерттеу.
4. ҚР педагогика және психология саласындағы ғылыми мектептер.
5. Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 80-жылдық мерейтойына арналған «Халықаралық және отандық зерттеулер талабы тұрғысынан білім сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел.

https://web.facebook.com/Department-of-pedagogy-and-education-management-of-Al-Farabi-Kaznu-175240312956513/





Басылым күні :  18.04.2020