"Бала психологиясының дамуы: мәселелер, тәжірибе, мүмкіндіктер"
Наурыз айының 11-і күні "Монтессори-Алматы" орталығында "Бала психологиясының дамуы: мәселелер, тәжірибе, мүмкіндіктер" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге орталық директоры Қолжанова Ботагөз Ғадилбековна және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары: профессор, пед ғыл докторы Магауова А.С., "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 4-ші курс студенттері өздерінің кураторы, Махамбетова Ж.Т, сондай-ақ педагогтар, орталықтың педагог-психологтары қатысты.
Дөңгелек үстелде заманауи Қазақстан қоғамындағы бала психологиясының дамуы, мүмкіндіктері, мәселелері және тағы басқа сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар осы салаға үлкен үлесін қосқан итальяндық дәрігер, педагог, ғалым, философ Мария Монтессори еңбектері айтылды. Ол ғалымның құрметіне Монтессори-педагогикасы деп аталатын арнайы бағыт бар.
"Монтессори-Алматы" орталығына алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз.