"Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз"

Педагогикалық практика аясында педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Б.А.Әрінованың жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты С.Бердібай 12.03.2020 жылы Ұлы Абайдың 175- жылдық мерейтойына арналған "Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты Абай Құнанбаевтың адамның бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтау үшін «Бес нәрседен қашық болуға» (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ), ал өмірдегі өз орныңды тауып, еңбегіңнің жемісін көру үшін «Бес нәрсеге асық болуға» (Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым) шақырған өлеңінің тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі жүзеге асыруына қажетті қасиеттер екендігін ашып көрсету болса, студенттер іс-шара барысында Абай шығармаларының мәні туралы өз ойларымен бөлісті.
Аталған іс-шараға 3 курс студенттері қатысып, Абайдың өздеріне ұнаған өлеңдерін оқыды. Сол сияқты Абай шығармаларына арналған сұрақ-жауап әдісіндегі шығармашылық тапсырмалар да орындалды.



Басылым күні :  16.03.2020