Мамандық таңдау - талапкер өміріндегі қиын және маңызды қадам

Кәсіби бағдар беру жұмысы педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мамандық таңдау - талапкер өміріндегі қиын және маңызды қадам. Осыған байланысты кафедра оқытушылары барлық жерде мектеп және колледж түлектерімен кездесулер өткізеді.
2020 ж. ақпанның 13-і күнінде педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының оқытушылары Г.И.Абдиева және Ж.Т.Махамбетова «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенттерімен бірге Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Осы колледж бітірушілері біздің студенттер мен оқытушыларды үлкен қызығушылықпен тыңдады, педагогика және білім менеджменті кафедрасының мамандықтары мен оқу бағдарламалары туралы бейнеролик көрді, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мамандықтарымен танысу үшін кафедраның ақпараттық буклеттерін алды.


Басылым күні :  13.03.2020