«Өнер және тәрбие»
2020 жылдың 22 ақпанында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы оқытушысы М.Д. Мурзагулова және 3 курс «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастыруымен «Өнер және тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нің экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті студенттері қатысты. Қазіргі замандағы өнердің адам тәрбиесіне әсері мен маңызы туралы қызықты мәліметтер ортаға салынып талқыланды. Өнер академиясы студенттерінің өнерін тамашалай отырып, тәрбие мен өнердің сабақтастығына көз жеткіздік.








