«Арулар – асыл жандар!»

2020 жылдың 5 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру кафедрасының аға оқытушысы Д.М. Мурзагулова және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар – асыл жандар!» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Осы іс-шара барысында әйел затына мақтау мен мадақтаулар айтылып, студенттер өлең шумақ жолдарын арнады. Сонымен қатар тілек жарысы, аналар қауымына қоңырау шалу ұсынылды. Іс-шара соңында әрбір қатысушыға мадақтау қағаздары берілді.


Басылым күні :  13.03.2020