Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы филиалының ашылуы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы филиалының ашылуы

2020 жылдың 14 қантарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің педагогика және білім беру менеджмент кафедрасында «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясында кафедраның филиалы ашылу туралы келісім-шарты жасалып, Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар Академиясының басқарма төрағасы, академик А.К. Құсайынов пен кафедра меңгерушісі Н.С.Әлғожаева кафедра филиалы ашылуы туралы келісім-шартқа қол қойды.
Филиалдың ашылуы педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы мен Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының соңғы жылдардағы тығыз ынтымақтастығының арқасында болды. Педагогикалық ғылымдар академиясы мен кафедраның бірлескен жұмысының бағыттары мыналар болды: Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының базасында магистранттар мен докторанттармен тәжірибелік сабақтар, зерттеу және педагогикалық тәжірибелер өткізу; кафедра магистранттары мен докторанттарына Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының әдістемелік көмегі; ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды бірлесіп өткізу және т.б.


Басылым күні :  10.02.2020